Алматы облысында 20 білім беру нысаны жаңартылмақ

Өткен жылы Алматы облысының білім саласы жоғары нәтижеге қолжеткізді. Оған себеп — облыстағы апатты жағдайдағы мектептердің мәселесінің толық шешілуі.

2021 жылы өңірдегі 8 мемлекеттік және 7 жекеменшік мектеп іске қосылды. Сондай-ақ, білім күні қарсаңында Панфилов ауданы Аққұдық ауылында апаттық мектептің орнына 120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілген еді.
Мектеп құрылысын жүргізудегі басты мақсат-үш ауысымды оқытуды жою. Бұл мақсатта Іле, Қарасай, Талғар аудандарында 7 жоба жосапарланып, 6-уы енгізілді. Айта кетейік, Қарасай ауданы Үштерек ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысы келісім-шартқа сәйкес 2022 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

Жалпы өткен жылы, 18 мектеп күрделі жөндеуден өткен болатын, бұған қазынадан 8,3 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінде Талдықорған музыка колледжіне арналған 100 орындық жатақхана құрылысының жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жаңадан салынып жатқан гуманитарлық колледжіне арналған 30 орындық жатақхана құрылысын салу шарты жасалуда. Жәнеде Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 112 орынға жатақханасын реконструкциялау жоспралануда.

Ағымдағы жылы Алматы облысында 17 меткеп, 2 колледж, 1 балабақша ұзын-саны 20 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, бұған 10.8 млрд.теңге қарастырылды.