Қысқы олимпиадада Абайдың әні шырқалды

Төрткүл әлем көз тіккен Бейжің олимпиадасында ерлер арасында мәнерлеп сырғанау жарысында латвиялық мәнерлеп сырғанаушы, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Денис Васильевс (Deniss VASILJEVS) қысқа бағдарламасын Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнімен бастады.
Бұл – қазақ композиторы Марат Бейсенғалиев пен британиялық Карл Дженкинстің «Sarakiz II: Romanza» композициясынан үзінді. 1999 жылы дүниеге келген Денис Васильев Латвия біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы және Таллинде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.