Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар жиынтығы 9 млн.тонна

Өткен жылы атмосфералық ауаға шекті жол берілетін шығарындылар лимиті 150,0 мың тонна болды. Ал Алматы облыстық статистика департаментінің алдын ала деректері бойынша 2021 жылғы нақты шығарындылар 39,3 мың тоннаны құраған. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Бүгінде Талдықорған қаласында, Алматы облысының атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 4 автоматты станцияда жүргізіледі.
Айта кетейік, әзірге атмосфералық ауаның жоғары ластану және экстремалды жоғары ластану жағдайлары анықталған жоқ.
Су объектілеріне су бұрудың едәуір бөлігі сумен жабдықтаумен және су бұрумен айналысатын кәсіпорындарға тиесілі. 2021 жылы ластаушы заттар төгінділерінің нақты көлемі 60,4 мың тоннаны құрады, негізгі жылдық белгіленген лимит 325,0 мың тонна болатын.
«2021 жылы барлығы — 687 743 тонна өнеркәсіптік қалдықтар пайда болды. Өнеркәсіптік қалдықтардың пайда болу көлемінің 193 624,3 тоннаға (28%) ұлғаюы жылу электр орталығы ТЭЦ-3 пен «Текелі энергокешені» ЖШС-нің электр және жылу энергиясын өндірудің ұлғаюына байланысты»,- дейді Алматы облысы бойынша экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Батыржан Әбденов.

Алматы облысында жинақталған қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі 9 млн.тоннаны құрайды. Жыл сайын облыс аумағында 1,0 млн.тоннадан астам ҚТҚ шоғырланады, оның 440 мың тоннасы Алматы қаласының аумағынан түседі.
Облыс аумағында 313 қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындары, және де 14 ҚТҚ полигоны бар.
«ҚТҚ жинау мен шығаруды 75 ұйым қамтамасыз етеді. Облыс халқын ҚТҚ шығарумен қамту 85,7% құрайды. Қалалар, аудан орталықтары мен ірі елді мекендер ұйымдасқан әкетумен толық қамтылған»,- деп атап өтті спикер.
2021 жылы 894 800 тонна коммуналдық қалдықтар түзілген. Қалдықтарды қайта өңдеу үлесі – 157 990 тоннаны құрады, бұл қалдықтардың жалпы көлемінің 17,66% — ын құрайды.
Естеріңізге саламыз, 5 бағыттан және 8 тармақтан тұратын, Экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасы бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Аталмыш жоба,
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиев және Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталов мүдделі мемлекеттік мекемелермен жұртшылықтың келісімімен бекіттілген болатын.