«АУДАННЫҢ АЛАР АСУЫ ӘЛІ АЛДА»

Алматы облысы мәслихатының хатшысы С.М.ДҮЙСЕНБІНОВ аудан әкімі Б.С.ТӘНЕКЕНОВТІҢ аудан жұртшылығы алдындағы қорытынды есеп беру жиынына қатыса отырып, осындай түйінді ойын білдірді.

«Өткен 2018 жыл еліміз үшін табысты, берекелі жыл болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен мем-лекетіміз қарыштай дамып, әлеумет-тік салада, экономикада, ғылым мен өндірісте, білім мен мәдениетте үлкен жетістіктерге жеттік.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды», — деді сөз басында Бағлан Сағындықұлы.

2018 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6597 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1371,4 млн. теңгеге артты. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 371 млн. теңгеге артық орындалған.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд. 115 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші 103,6% болды.

Ауылшаруашылық дақылдарының есебі бойынша барлық жер көлемі  50116 гектарға өнім себілді. Оның ішінде масақты дәнді дақылдар 26 634 га, майлы дақылдар 12 744  га, қант қызылшасы 2 236 га, картоп 2 311 га, көкөніс 1 002 га, бақша 66 га-ға себілді.

Қант қызылшасын жинап-өткізу бойынша шаруашылықтарға барлық мүм-кіндіктер жасалынып, бақылауға алынып, 2236 гектардан 120 мың тонна тәтті түбір жиналды. 2019 жылы бұл көрсеткішті 2600 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Мал шаруашылығында барлығы 10 860 тонна мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 107,1%-ға артты.

Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жеріне құжаттық түгендеу жұмыстарының қоры-тындысымен 399 шаруашылық немесе 25,3 мың га жер учаскесі иесіз ретінде анықталды.

Ауданда салық түсімдері 1 млрд. 662 млн. теңге болып, өткен жылмен са-лыстырғанда 62,8 пайызға өскен.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд. 14 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 125,9 орындалды.

2018 жылғы 6 маусымда «Тау Жетісу» ЖШС-нің демалыс аумағында инвестициялық форум өткізілді. Осы форумда жалпы сомасы 11 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша компаниялармен ынтымақ-тастық туралы 4 меморандумға қол қо-йылды. («АСПМК – 519» ЖШС, «Сүт Мастер-М» ЖШС, «Сәлем Құс» ЖШС, және «Тау Жетісу» ЖШС). Нәтижесінде, ауданда осы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шағын және орта бизнес субъек-тілерінің саны 6,8%-ға артып, 2886 бірлікті құрады.

Былтырғы жылдың құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 270 млн. теңгеге артық орындалып, 2 млрд. 922 млн. теңге немесе 181,1 пайызды құрады.

Елбасымыздың бес әлеуметтік баста-масының біріншісі «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» болатын. Ауданға осы бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салу үшін инвесторлар тартылуда. Бүгінгі күнге «Global Construction kz» ЖШС-і Шымыр ауылында 82,6 шаршы метрден тұратын 5 тұрғын үй салуға ниет білдірді.  Биылғы жылы осы бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша ауданымызда «Нұрлы жер»    бағдар-ламасы аясында 4 жобаға 22,5 млн.теңге бөлінді.

Есепті кезеңде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 97 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылығында 2018 жылы су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту бойынша 408,5 млн. теңге 4 жобаға қаражат бөлінді.

Қарабұлақ ауылындағы орталық саяжайды абаттандыру жұмыстарына 38,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын орындау мақсатында аудан бойынша 10 ауылдық округке  41,5 млн. теңге бөліп, 11 жоба іске асырылды.

Ауданда жергілікті маңызы бар 7 көшеге  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 158 млн. теңге, Қаратал, Көкжазық, Теректі ауылдарындағы көпір-лерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 13,6 млн. теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарға 20 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қарабұлақ ауылында жер телімі анық-талып, «Гүлім и К» ЖШС-і 320 балаға арналған балабақша құрылысын жоспарлап отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында қысқа мерзімді курстарға, 2 колледжге және 4 оқу орталықтарына  14 мамандықтар мен кәсіптер бойынша дайындық курстарына жіберілді. Бүгінгі күні 237 адам оқуларын бітіріп, 220 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Шағын несиелендіру бойынша «Бас-тау Бизнес» кәсіпкерлік оқуын 162 адам аяқтады. 2018 жылы 57 адам 199,5 млн. теңге несие алды.

Есепті кезеңде Қарабұлақ ауылында-ғы «Балдәурен» балабақшасының күр-делі жөндеуге 133 млн. теңге бөлініп, жұ-мыстары аяқталды.

2018 жылы Қарабұлақ (100) және Бақтыбай (90) ауылдарында 190 балаға арналған жекеменшік екі балабақша қол-данысқа берілді.

2018 жылы Көкжазық ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 142 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталған.

2019 жылға Қарабұлақ ауылындағы аудандық орталық ауруханаға  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд 19,9 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, сараптаманың қорытындысы шыққан. Бүгінгі күнге 300 млн. теңге бөлініп, конкурс жариялануда.

Ішкі істер органдарында тұрғындар қауіпсіздігін сақтау бойынша 2018 жылы 484 қылмыс тіркелген. Олардың жүргізген жұмыстарының нәтижесінде тіркелген қылмыстардың  81,2% ашылған.

2018 жылы ауылдарда тұрғын үймен бірлескен учаскелік полиция пунктін салу үшін 154 млн теңге бөлінді.

Есепті кезеңде аудан әкімдігінің 3 мәжілісі өтіп, 5 мәселе қаралды. 324 әкімдік қаулысы, аудан әкімінің 31 шешімі және 238 өкімі қабылданды. Аудан әкімі 210 азаматты қабылдады. 2018 жылдың қаңтар айында Бағлан Сағындықұлы аудан тұрғындарымен 12 есепті кездесулер өткізген. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында әртүрлі әлеуметтік сауалдар қойылды. Кездесулер барысында аталған сұрақтар азаматтардың айтқан ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіліп, қазіргі уақытта толығымен орындалды.

Жарыссөзге қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Тастанбаев, «Хильниченко и К» КСС-нің орынбасары А.Хильниченко және жастар ресурстық орталығының жетекшісі С.Жолдыбаев сөз алып, аудан көлемінде атқарылып жатқан істерге ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімінің жұмысына оң бағаларын берді.

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Мырзабекұлы облыс-тың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, ауданда тиянақты атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын айтты. Қол жеткізген жетістіктерді әлі де ұлғайтатынына сенім білдірді.

Аудандық мәжілісте жиналған қауымнан сұрақ болмағаны мәселенің жоқ деген сөз еместігін Бағлан Сағын-дықұлы қорытынды сөзінде растап, осындай жоғары баға беріп отырған халыққа алғыс білдірді. Алдағы уақытта  аудан  көлемінде  жоспарлы  түрде  атқарылатын істер ауқымды, әрі аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелелерін шешуде бар-лық мүмкіндіктерді толық пайдаланатына уәде берді. Осы орайда, Сұлтан Мырзабекұлына облыс тарапынан үнемі қолдау көрсетіп отырғанына аудан жұртшылығының атынан зор алғысын жеткізді.

Көпшілік ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайында еңбектеніп келе жатқан Б.С.Тәнекеновтің жұмысын бірауыздан қанағаттанарлық деп бағалады.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.