ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ — МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ

Кезекті есеп беру процесі қазақтың ақын қызының құрметіне қойылған Ақын Сара ауылдық округіне келіп жетті. Ауыл әкімі Оразбек ОРЫСБАЕВ аудан әкімі Бағлан ТӘНЕКЕНОВПЕН халық алдында есеп берді.

Ақын Сара ауылдық округінде 482 аула, 2216 адам, оның ішінде 226 зейнеткер, 68 мүгедектер, 13 аз қамтылған отбасы тұрады.

2018 жылы себілген жер 7963 га жерді құрап отыр. Дәнді дақылдардан 5911 т. астық жиналып, әр гектардан 23 ц өнім алынған. Ал 2240 га жерге күздік бидай себілген. Үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына үлкен көмек көрсетіліп, барлық жағдай жасалынып жатыр. Атап айтсақ, минералды тынайтқыштар, жанар-жағармай қолжетімді бағамен берілуде. Округ бойынша салық ко-митетінде 40 шаруа қожалығы тіркелген және  2 жауапкершілігі  шектеулі се-ріптестігі бар.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кө-мекке 13 өтініш қабылданып, 73 адамға  2976,7 мың. теңге көмек көрсетілген. Тұрғын үй көмегі бойынша 2 өтініш қабылданып, 98 мың теңге көлемінде  көмек көрсетілді. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 3 отбасы 950 мың теңге алған.

Сонымен қатар ауылда қайы-рымдылық іс-шара ұйымдастырылып тұрады. Ақын Сара ауылының ме-шітінде қайырымдылық іс-шара ұйым-дастырылып жағдайы төмен отбасыларға киім-кешек, азық-түлік беріледі. 2018 жылы «Citic Construction CO.LTD» Қытай компаниясы I топ мүгедекке және 1 көп балалы отбасыға азық-түлік беріп, әлеуметтік көмек көрсеткен.

Жергілікті салыққа келер болсақ жергілікті салық түсімі барлығы 2707 мың теңге.

Денсаулық саласы бойынша округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пунктер халыққа қызмет көрсетеді. Онда 1 бас дәрігер және 11 медбике жұмыс істейді. Ақын Сара ауылында күніне 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория бар.

Қылмысқа қарсы күрес саласы бойынша ауылда қоғамдық тәртіп сақтау жөнінен округ бойынша бір учаскелік инспектор жұмыс істейді.  2018 жылы барлығы 21 қылмыс тіркелген.

Мәдениет және спорт саласында ауылда мәдени іс-шаралар жоспарға байланысты ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады.

Қазіргі уақытта ауылда  балалар ойнайтын стадион және волейбол, баскетбол ойнайтын шағын спорт алаңдары жұмыс жасайды. Ауылда 1 спорт залы және 1 спорт мектебі бар.

Абаттандыру мәселесі бойынша округ әкімі аппаратының, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, мектептің, мешіттің, пошта бөлімшесі және тұрғын үй секторында сенбіліктер мен аумақтарды тазарту жұмыстары тұрақты өткізіліп тұрады.

Ақын Сара ауылындағы ескерт-кіштерге  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бояу, ағарту, гүл көшеттерін отырғызу, қоршауын бүтіндеу, маңайын тазалау секілді ауқымда жұмыстар жасалып тұрады.

2019 жылы Ақешкі және Ақтұма ауылының ауыз су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу бойынша сметалық жобасына 5 млн. теңге бөлінді.

1 жыл ішінде ауыл тұрғындарының игілігі мен тыныштығы үшін атқарылған осындай ауқымды игі істерді ауыл әкімі Оразбек Орысбаев аудан әкімі Бағлан Тәнекенов пен ауыл тұрғындарына баяндап берді.

Ауылды көркейту шеңберінде ат-қарылып жатқан берекелі істер аз емес екендігін осы баяндаманы тыңдау барысында білдік.

Сөз кезегі аудан әкімі Бағлан Са-ғындықұлына берілді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарына аудан бойынша мақтануға тұрарлық істерді халыққа баяндап берді. Есеп беру барысында ауыл тұрғындары көкейкесті сұрақтарын аудан әкіміне қойып, өздерінің  жауаптарын алды.

Ақын Сара ауылдық округ әкімінің атқарып жатқан жұмысына ауыл халқы қанағаттанарлық деген баға берді.