АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

Жыл сайын өткен жылдың қоры-тындысы бойынша аудандағы бар-лық елді мекендерде әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы жасалынып, сол бойынша жұмыстар атқарылған.

Ол көрсеткіштер Қоңыр ауылдық округі бойынша мынадай жалпы округке қарасты  3 ауыл бар: Қоңыр, Көктөбе, Алмалы.

Округ бойынша халық саны 2018 жылдың 1-ші қаңтарына 1340 адам болса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарына 1354 адамды құрап отыр.

Округ бойынша ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін 2 мектеп, СВА (дә-рігерлік амбулатория), 1 ФАП, әкімшілік, ветеринарлық пункт, пошта бөлімшесі, 1 Мәдениет үйі, 1 ауыл кітапханасы жұмыс жасайды.

Округ бойынша шағын бизнес нысандары бар, олар: 1 дүкен, 1 азық-түлік дүңгіршегі, 2 кафе. Сонымен қатар ауылда 1 мал соятын алаң бар.

Мал шаруашылығына келетін болсақ.  Округ бойынша жалпы мал саны өсімін көбейткен.

2018 жылы барлық  ірі қарадан,  қой-ешкіден, жылқыдан және иттерден қан алынып, «сарып» ауруына тексеру жүргізілген.

Осы  жылы  округ бойынша астық жинау науқаны сәтті өтіп, ауыл тұр-ғындарына мол табыс әкелген.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Қоңыр ауылдық амбулаториясында 1 дәрігер, 1 акушер, 3  фельдшер, 4 медбике халыққа қызмет көрсетеді.

Білім саласы бойынша 2 орта мектепте 187 оқушы дәріс алуда.  Қоңыр ауылында 70 балаға арналған балабақша жұмыс жасайды.

Тәртіп бұзушылыққа тоқталсақ, 2018 жылы 27 қылмыс орын алған.

Мәдениет пен спорт саласы бойынша округте 1 меңгеруші, 1 көркемдік жетекші, 1 әдіскер, 2 кітапханашы жұмыс жасайды.

Округ бойынша дала өрттерін алдын алу мақсатында ерікті өрт сөндірушілер топтары ұйымдастырылған.

Өткен жылы Көктөбе, Ақын Сара ауылдар арасындағы 16 шақырым автомобиль жолына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3000 шаршы 2 шұңқырлары бекітілді. Колхоз көшесінде 400 шаршы 2 асфальт шұңқырлары бекітілді, ауыл ішінде орналасқан бір шағын көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы бұл жұмыстарға 1 млн. 860 мың теңге қаражат жұмсалған.

Ауылға сұраныс бойынша «Beeline» «3G» базалық станциясы орнатылды. Бүгінгі күнге «whatsapр» әлеуметтік желісінде «Қоңыр ауылы» тобы ашылып, ауыл тұрғындарына хабарлама, қажетті ақпарат тарату жылдам және ыңғайлы болды.

Ауыл әкімі Арай Құлахметов осындай ауқымды, мақтануға тұрарлық жұмыстардың барлығын ауыз толтыра айтып, Қоңыр ауылының болашақта гүлденіп, берік ауылға айналатынына сенімі зор екендігін сөз етті.

Сонымен қатар аудан әкімі Бағлан Сағындықұлы аудан көлемінде атқа-рылып жатқан нәтижелі жұмыстар мен жеткен жетістіктер жайлы айтып өтіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Ауыл тұрғындары білім ошағы мектептің есік-терезесі мен мектеп төбесін жөндеуден өткізіп, ауылдың шамдарын ауыстырып, ауылдың Мәдениет үйін іске қосу жайлы ұсыныстарын айтты. Аудан әкімі Бағлан Тәнекенов бұл мәселелерді міндетті түрде шешетінін айтып, ауыл тұрғындарын қуантты.

Ауыл әкімінің ауылды гүлдендіру мақсатында атқарған жұмыстарына, ауыл тұрғындары қанағаттанарлық деген баға берді.

Алима НҮСІПОВА.