ӘКІМ ЕСЕБІ ОҢ БАҒАЛАНДЫ

Түс ауа кезекті есеп беру Төлеңгіт ауылдық округінде жалғасын тапты. Еліміздің басты құжаттарының бірі Жолдау төңірегінде тиімді жұмыстарды атқарып келе жатқан ауылдық округтердің бірі осы аталмыш округ десек болады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша салық түсімдері мүлік салығы  бойынша 102,0 пайызға, жер салығы 101,0 пайызға, көлік салығы 156,1 пайызға орындалған. Барлық салық түрі 161,8 пайызға орындалды. 2018 жылы  бюджетке жергілікті салықтан 6 млн. 846 мың  теңге ақша түсті.

Округте 1 өндірістік кооператив, бір су кооперативі және 120 шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімін өндірумен шұғылданады. 2018 жылы барлық себілген жер 7680,9 га, оның ішінде суармалы жер 2244,5 га құрайды.

2018 жылы әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасы бойынша картоп 98,4 га жерге егіліп, 210 центнерден 2 мың тонна өнім алынды. Соя 926,3 га жерге егіліп, 21 центнерден 1900 мың тонна өнім жиналды. Көпжылдық шөптер 148,6 га себіліп, 98 центнерден 1456 мың тонна өнім алынды. Көкеніс 20 га себілген, оның 1,6 центнерінен 32,5 тонна өнім алынды. 184 га жерге егілген қант қызылшасынан 390 центнерден тәтті түбір жиналды. «Көксу» қант зауытына 7156 т қант қызылшасы өткізілді. Алдын ала болжам бойынша биылғы жылы 130 га қант қызылшасы егіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар егін шаруашылығына 120 тонна арзандатылған жанар-жағармай  бөлінді.

Республика бойынша құрылған Ислам банкі арқылы аудан көлемінде 2018 жылы қаражат бөлінген. Ол қаражат арқылы округте неше жылдан бері тазаланбаған сумен жабдықтау жүйесін жанарту мақсатында Жартоған, Теріс, Тасарық және Диханбай қаналдары, яғни барлығы 33 км жерге жаңа  қаналдар салу жұмыстары жүргізілді. Осы құрылыс 2019 жылы жалғасын табады.

Биылғы жылдан бастап электрондық база іске қосылды екен. Ол арқылы келешекте жеке шаруа қожалықтары субсидия тыңайтқыштары, тағы да басқа  мәліметтер тіркеуге алынады. Округ бойынша қазіргі таңда 120 шаруа кожалықтары бар, соның ішінде базаға енгізілгені 98, енгізілмегені 22. Құжаттары толық емес шаруа қожалықтарымен бүгінгі таңда жұмыс жасалуда.

Мал шаруашылығы бойынша бүгінгі күні 1881 бас ірі қара, оның ішінде 933 бас сиыр, 524 бас жылқы (оның 210 басы бие), 4062 бас қой мен ешкі, 3480 бас құс бар. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 17 басқа, жылқы 10 басқа және қой мен ешкі 150 басқа өскен.

Биылғы  жылдың  басынан демографиялық өсім 24 жағдайды құрады.

Әлеуметтік сала бойынша тоқсан сайын мемлекеттік 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұған ауыл әкімдігіне 7 адамнан арнайы комиссия құрылған. Олар құ-жаттарды қабылдап, жұмыс жасап жатыр. 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасына беріліп, 543505 теңге  жәрдемақы төленді.

Өткен жылы жаңадан 46 жұмыс орны ашылды, 14 адам кәсіби дайындықтан өтті, 18 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Жұмыспен қамту ор-талығы арқылы 2018 жылы 8 ауыл тұрғыны өз ісін ашу  және  кеңейту бағытында 23,1 млн. теңгеге шағын несие алып, жеке кәсіптерін дамытуда.

Биыл Жетісу ауылындағы Мәдениет үйі жанынан спорт алаңын салуға 8 млн. 710 мың теңге қаражат бөлінді.

2018 жылы Екпінді ауылында Д.Рақышев, Қаблиса жырау, Б.Жолбарысұлы  көшелеріне  құмды қиыршық тас төсеу жұ-мыстарына  4264 млн. теңге жұмсалды. Екпінді ауылына 848 мың теңге қаражат бөлініп, тротуарға құм, қиыршық тас қоспалары себілді  және  өтпелі бетон плиталарды жөндеу жұмыстары өтті. Жетісу ауылында  Б.Исаев көшесі арқылы зиратқа баратын жолға ауыл азаматтарының көмегімен ағымды жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік мемлекет тарапынан зор қолдауға ие. Бүгінгі күні Төлеңгіт ауылдық округінің кәсіпкерлері де елді мекенінің ілгері қадам басуына барынша өз үлестерін қосып жүр. Атап айтқанда, Жеңдік ауылында «Форель» балық шаруашылығы ашылса, Екпінді ауылында жазғы-қысқы «Апорт» демалыс аймағы ашылып, қазіргі таңда халыққа қызмет  көрсетуде. Өткен жылы жеке кәсіпкер Жендік ауылында бос жатқан жерден жер учаскесін сатып алу құқығымен жалға 1,300 гектар жер алып, жылыжай  салып, көкөніс  өндіруді  дамытуда. Жеке кәсіпкер Жұлдыз Хабарова Жеңдік ауылында салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Жемчужина» атты  30 орынға арналған орталығы ашылып, 5 адамды жұмыс орнымен қамтыды.

Жетісу ауылдық Мәдениет үйі белсенділік танытып, 2018 жылы «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтары арасында өткен байқауға қатысып, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен және компьютермен марапатталды.

Өткен жылы 13 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 11 ұрлық. 9 қылмыс ашылып, 2 ашылмаған, 2 бұзақылық қылмыс тіркеліп ашылды.

Ауыл әкімінің есебінен соң жарыссөзге ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әлімқұлов шығып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. 1980 жылдары бой көтерген медициналық пункттің ғимаратының тозығы жеткенін айтып, алдағы уақытта жаңа заманауи үлгіде күрделі жөндеуден өткізу керектігін алға тартты. Екпінді ауылының тұрғыны Ертанат Қалықбеков те ауылдық округтің әкімі Қанат Сатановтың жұмысына кө-ңілі толатындығын білдірді.

Тұрғындардың сөзін мұқият тыңдаған аудандық мәслихат хатшысы Қуат Алпысбаев алдағы уақытта медициналық пунктке де кезегі келетінін, оған да қаржы бөлініп, тұты-нушыларға ойдағыдай қызмет ететінін айтты. Сонымен қатар қант қызылшасын келер жылы өзімізде қабылдайтынын, яғни «Көксу» қант зауытына апарып, кезекте тұрмайтындарын жеткізді. Сол себепті тәтті тү-бірді молырақ егуден қорық-пауларына болатынымен қуант-ты.

Әкімшілік тарапынан әртүрлі меселелер бойынша ауыл тұрғындарымен  кездесулер өткізілетін ауылдық округтің жағдайы көңіл қуантады. Оған көп жылдан бері аймақты басқарып келе жатқан ауыл әкімінің де үлесі зор. Аталмыш ауылға әрдайым іссапармен барған сайын басшылар мен тұрғындардың  жұмысы бірден көзге түседі. Төлеңгіт ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан алға қойған жоспарларды орындай отырып, округтің  әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғары деңгейде болатындығына тұрғындар бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берді.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.