ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

Осы күннің соңғы кездесуі Сырымбет ауылдық округінде өтті.

Сырымбет ауылдық округі бір елді мекеннен тұрады. 2018 жылдың басына округте 2071 адам, 429 аула, оның ішінде 207 зейнеткер, 18 еңбек ардагерлері мен 3 ауған соғыс ардагері, 1 Чернобыль ардагері тұрады. Сонымен қатар 36 «Алтын алқа» және 40 «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы ардақты аналар бар. Ауылдық округте жыл бойы түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылады. Бір айта кететін жай, осындай кезде тұрғындарға хабарлама таратылып, аулаларды аралап, шараларды тамашалауға шақырады. Бірақ, өкінішке орай, ауыл тұрғындары белсенділік танытпайды екен.

Сырымбет ауылында бүгінгі күні халыққа қызмет көрсететін барлық дерлік әлеуметтік нысандар жөндеуден өткен. 2018 жылы құрылысы басталып,  қызметтік тұрғын үймен қо-сарланған учаскелік полиция пунктісі пайдалануға берілді.

Ауылдың экономикасын құрайтын негізгі сала ауыл шаруашылығы саласы бойынша округте 1 өндірістік кооператив, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 68 жеке шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп-өндірумен шұ-ғылданады. Бірақ округтің 28 шаруа қожалығының басшылары, яғни 41% округте тұрмайды, яғни түрлі шаралар, жиындар, т.б. өткізетін кездерде осы кісілерді іздеу, шақырту қиынға соғады.

2018 жылы барлық себілген жер 1418,1га, оның ішінде 1147,1 га суармалы жерлер. Барлық егістік жерге түгелдей түрлі дәнді дақылдар егіліп, жоспарланған өнім толығыменен жоспар бойынша алынған. Биылғы жылы дәнді дақылдардың әр гектарынан қырдағы егістіктен 22,5 центнерден, суармалы жерден 23-24 центнерден өнім алынды. Майбұршақтың әр гектарынан 20-23 центнер, қант қызылшасының әр гектарынан орташа 250 центнерден өнім алынды.

Қант қызылшасын егу өңірдің экономикалық даму жоспарына сай жыл санап артуда, округтің шаруа қожалықтары жылына қант қылшасын жоспарға сәйкес 70-80 га егуде. Бірақ кейбір шаруа қожалықтары құжаттары дұрыс болмағандықтан егілген қылшасына субсидия алу мақсатымен басқа округтің құжаттары дұрыс шаруа қо-жалықтарының атынан егілген қылшаларын көрсетіп өткізген. Сол себептен округтің ауданға тапсырылатын есептерінде егілген қант қызылшасының көлемі жоспардан әлдеқайда аз көрсетілген.

Окргугтің шаруа қожалық-тары өз материалдық базасын кеңейтуде, яғни 2018 жылы «Хахарман Бригад» жеке шаруа қожалығы МТЗ-82 тракторын сатып алды және «Тайжанов А.Б.» жеке шаруа қожалығы қант қызылшасын жинайтын көлік сатып алды.

Мал шаруашылығында ірі қара мал 1901 бас болды, қой мен ешкі 6575, жылқы 479 бас, құс 3632. Олардан алынған өнімдер: әр сиырдан 2820 литр сүт сауылып, 100 бас сиырдан 87 бұзаудан алынды, 100 бас жылқыдан 86 бас құлын, 100 бас қойдан 102 бас қозыдан алынды. еттерге қарсы дер кезінде мал дәрігері егіп отырады. Орталық мал соятын  орын жұмыс қалпында. Мал басының өсуі негізінен өз төлі есебінен өседі. Бұған ауылдағы қолдан ұрықтандыру пунктінің үлесі зор.

Бүгінгі күннің талабы – бар малды қолдан ұрықтап, бар малды асылдандыру. «Асыл» ЖШС арқылы жоғары сапалы ұрықпен ірі-қара малдар ұрықтандырылуда. 2018 жылы 400 ірі қара малы қолдан ұрықтандырылған, жоспар 100% орындалды. Қазіргі кезде «Берік» сүт кооперативінде 461 бас сиырдан күніне 2500 т сүт жиналып, келісімшартпен Талдықорған сүт зауытына өткізілуде. Кооперативке 2018 жылы жеңілдікпен 5 000 000 теңгеге сүт қабылдау танкері алынды.

Демографиялық жағдай 19 адамды құрайды.

Ауылда 1 дүкен, 4 дүңгіршек, 1 май тартатын цех, 2 су кооперативі жұмыс жасауда. Ол жерде 22 адам жұмыспен қамтылған, бұл салада атқарылатын жұмыстар әлі де көп екен.

Өткен жылы ауылда 8 қылмыс тіркелген. Өкінішке орай, ешқайсысы ашылмай тұр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағ-дарламасы» бойынша 4 азамат 11299000 теңге қаржылай несие алып, өз істерімен, яғни мал өсіру бағытында жұмыстар атқаруда. 2 азамат жастар тәжірибесінен өтті, 4 азамат кысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етіліп, әрқайсысы салаларына сәйкес жұмыс жасауда.

Әлеуметтік сала бойынша биыл жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек бойынша 11 отбасының 32 баласына 1 806 006 теңге жәрдемақы төленді. Осы жылы 18 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етіліп, жаңадан 35 жұмыс орны ашылды.

Өткен жылдың көктем-күз айларында ауыл күл-қоқыстан тазартылып, көктем, күз мезгілінде округ бойынша айналаға 300 түп көшет отырғызылған. 20 тонна күл-қоқыс шығарылды. Осы жылы таудан аққан қардың суымен қоса тауда мәр-мәр өндіретін орындарынан аққан қиыршық-тастарды бөгеу, арықты, қоқыс төгетін орынға барар жолды тазарту жұмыстары жүргізілді, яғни  2 км тоған қазылып, 1 км жол тегістелінді.

Ауылдық округтің әкімі Алмас Шаихов нақыт жасалған жұмыстарды тізбектеп шықты. Олар қатты тұрмыстық қалдық тастау аумағын, жолын жөндеу мақсатында ауыр техникамен полигон аймағының жолы тегістеліп, қиыршық тас төселінді, полигонға жеткізбей тасталынған қоқыстар тазаланып полигонға жеткізілді, қоқыс төгетін орын деген белгілер орнатылды.

Ауыл тұрғындарының, демеушілердің және көпшіліктің көмегімен ауыл мешітінің жанынан ас беруге қажетті қазан-ошақ алаңы салынды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында, жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында округте «Воркаут» спорттық алаңы салынды.

Округ бойынша жоспарға сәйкес  5 жаңа үй салынып, бой көтерді. 2019 жылға 3 үй  салу жоспарланған.

Ауылға инвестиция тарту мақсатында «Ақ-Тас Береке» ЖШС-мен келісім жүргізіліп, 5000000 теңгеге ауылдың кіре беріс маңына өнеркәсіптік таразы орнатылды.

Ауылдық округ бойынша ірі мал шаруашылық алаңдарына қылмыстың алдын алу мақсатында 8 үйде 32 бейнебақылау камералары орнатылды.

Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес демеушілердің көмегімен бейітке баратын жолға қиыршық тас төселініп тегістелінді.

Сонымен қатар алда тұрған жоспарды да аудан басшылары мен ауыл тұрғындарына та-ныстырды. Олардың қатарында қоғамдық монша салу бойынша инвесторлар қарастыру; кем дегенде 3 тұрғын үй салып, тұрғын үй қорын көбейту; мал өсуіне байланысты қосымша мал соятын алаң ашу; қант қылшасын баптауға, жинауға қажетті 1 техника алу жолдарын қарастыру; ауылдық округ бойынша ірі мал шаруашылық алаңдарына, кәсіпкерлерлердің дүкендеріне, қоғамдық орталық алаңдарға қылмыстың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларын орнату жағын ұйымдастырып жүргізуді, жалғастыру; өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына демалыс саябағын орналастыру.

Ауыл әкімінің есебінен соң жарыссөзге «Берік» сүт кооперативінің басшысы Тұрсынжан Мәмеш өткен жылға қысқаша қорытынды жасап, ауыл әкімінің есебіне көңілі толатынын айтты. Ауыл тұрғыны Юлия Свинцова да Алмас Шаиховтың әкім болып сайланғаннан бері ауылдың тазаланып қалғанын және оның үнемі қабылдап, көмек көрсететініне алғысын білдірді. Осы орайда өзінің мәселесін көтеріп келгенін айтты. 2 топтағы мүгедек баласы бар анаға баласын орталыққа жеткізіп, әлеуметтік бағдарламалар бө-лімі ұйымдастыратын үйірме-лерге апара алмай қиналады екен. Бұл ретте ауыл әкімі мен аудандық аурухананың директоры Роза Ыбраеваның көмегі мол екенін, алайда оларға қайта-қайта көмек сұрай беруден ұялатынын жеткізді. Аудан орталығында жұмыс істеп жатқан инватакси қызметі арқылы Сырымбет ауылындағы барлық мүгедек балаларды аптасына бір рет апарып тұруға өтінішін білдірді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары осы мәселені алдағы уақытта қарасыратынын және биыл екінші инватакси қызметке қосылатынын айтып, тұрғынның тілегі жақын арада орындалуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар Бітімбай Бағалиев ауыз су мәселесіне қатысты сауалын қойса, Ердіхан Құтбай зейнетақыға қатысты жеке құжаттарының мәселесін сұрады. Оны да жауапты бөлімдер түртіп алып, алдағы уақытта қарастыратындықтары-на уәде берді.

Есепте түйгеніміз, Сырымбет ауылдық округі әкім-дігі алдына зор міндеттер жүктеуден қашпайды. Округ бойынша атқарылған істер мен көрсеткіштер бар, дегенмен де алда әлі де атқарар жұмыстар көп. Осыған сай ауыл тұрғындары әкімнің жұмысына қанағаттанарлық бағасын бер-ді.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.