ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС ӨТТІ

Өткен аптада  «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы – «Ескелді ауданының жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен Көкжазық ауылдық округі «Балдырған» футбол алаңында Астана қаласының 20 жылдығына орай жастар арасындағы облыстық шағын футбол жарысы өтті.

Шараның мақсаты жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, спорттық шеберліктерін арттыру болатын. Олимпиадалық жүйеде өткен ойында әр ауданнан келген 12 құрама бақ сынады. Бір күнге созылған тартысқа толы бәсеке өз мәресіне жетіп, III орынды Көкжазық жастары құрамасы, II орынды Кербұлақ ауданының жастары қанжығаларына байлады. Ал жарыстың жеңімпаздары, яғни I орынды Жетісу жастар құрамасы иеленді. С. Биболатов (Үздік ойыншы», Д. Садыров «Үздік қақпашы» және А. Қайратұлы «Үздік қорғаушы» арнайы номинацияларына ие болды. Жеңімпаздар арнайы алғыс xаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

С. Жолдыбаев,

аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі.