Кел, жаңа жыл, төрлет!

Жаңа жыл – сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Үлкені де, кішісі де келе жатқан Жаңа жылдан қиял-ғажайып ертегі мен жаңа бақыт күтеді. Бұл мереке өзімен бірге ерекше көңіл-күй әкеледі. Сондықтан дәл осы мейрамға әрқайсысымыз дайындалатынымыз рас.
Ауданның қасиетті қара шаңырағы, киелі білім ордасы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында желтоқсан айының соңына таман «Кел, Жаңа жыл, төрлет!» атты жаңажылдық ертеңгілік өткізілді. Кішігірім Жаңа жыл шыршасын бүлдіршіндер ғана емес, даярлық тобы және өзімнің 0 «Б» топ оқушылары асыға күтті. «Кел, Жаңа жыл, төрлет!» атты ертеңгілікте оқушылардың өздерімен бірге ата-аналары да түгелі атсалысты. Әрбір ер бала кішкентай Гномдар болып киінсе, ал қыздар қыстың сұлуы Ақшақар киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше әсермен қатысты. Оған қоса мерекеге алдын-ала дайындаған Жаңа жыл және Отан туралы өлең жолдарын еш бүкпесіз айтып берді. Мейрам соңына орай даярлық тобының оқушыларымен сынып жетекшісі бірлесіп замануи «флешмоб» биін биледі.
Ата-аналар мен сынып жетекшінің тығыз қарым-қа-тынасының арқасында әрбір бала шырша мерекесінің негізгі кейіпкері Аяз ата мен Ақшақардың алғысына мерекелік сыйлықтар алып, қуанышқа кенелді. «Қуанса, бала қуансын» дегендей, бар жылуымызды балалардан ая-мадық. Өз үлестерін қосқан ата-аналар қауымына айтар алғысым шексіз. Ертеңгілік бүлдіршіндеріміздің есте қа-ларлықтай өте қызықты өтті.
Айжан Ибраимбаева,
даярлық топтың жетекшісі.