15603 әскери бөлімінде 2018 жылдың 28 желтоқсанында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу қызметінің ұйымдастыруымен 2018 жылы атқарған іс-шараларды қорытындылауға арналған жылдық есептік кездесу өткізілді. Кездесуде бөлім командирі подполковник Б.Узбеканов 2018 жылы атқарылған іс-шараларға талдау жасап, барлық әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құт-тықтады.
Бөлім психологы, кіші сержант М.Тәңірбергенқызы әс-кери қызметшілердің отбасымен жұмыс жүргізу қызметінің 2018 жыл ішінде атқарған іс-шаралары туралы қорытынды баяндама жасады.
Сонымен бірге, тәрбие жә-не идеологиялық жұмыстар бөлімі бастығының (әскери қызметшілердің отбасы мү-шелерімен жұмыс ұйым-дастыру жөніндегі) көмекшісі А.Серікқанқызы өзінің 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын отбасы мүшелеріне, бөлім басшылығына та-ныстырды. Жоспарда атқарған іс-шаралар тізімі талқыланып бекітілді.
Жыл қорытындысы бойынша үлгілі әскери тәртібі, жоғары жауынгерлік және кәсіби дайындығы мен әскери бөлімнің күнделікті өміріне белсене атсалысқан әскери қызметкерлердің жұбайларын бөлім командирі алғыс хатпен марапаттады.
Кездесу әскери қызмет-шілердің өз күшімен ұйым-дастырған мерекелік концертпен аяқталды.
А. Серікқанқызы,
тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі бастығының көмекшісі.