Жаңа жылда жаңа нұр

Көңілімізді шаттыққа бөлеп, жүрегімізге ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Бұл мерекені үлкен де, кіші де асыға күтеді.
Биылғы 2019 жылды Қоңыр ауылдық округінің тұрғындары да ерекше қарсы алды.
«Жаңа жыл, жаңа бықыт, жаңа нұр» атты мерекелік жасыл шыршада ауыл округінің әкімі А.Құлахметов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Жаңа жылдық кешке мектеп пен ауылдық амбулатория ұжымдары, «Қызғалдақ» балабақшасы, Қоңыр ауылдық округі әкімшілік қызметкерлері түрлі жаңажылдық киімдер киіп, өз өнерлерін көрсетті. Ақсақалдар алқасының төра-ғасы И.Дәрменбеков жыл сайынғы мектепке дейінгі ба-лалардың жасыл шыршасына демеушілік көрсетіп жүрген Сәулетай Жайлаубайқызын бағалы сыйлықпен және алғыс хатпен марапаттады.
Жасыл шыршаға үлкен демеушілік көрсеткен Тарпанбаевтар отбасын алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Жаңа жыл әр отбасына береке-бірлік пен жаңа та-быстар әкелсін.
Қоңыр ауылдық Мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлері.