ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Аурухана – науқастар жатып емделетін мекеме. Ауырып ем іздеген адамдар осы жерден ауруынан айығып, аяғынан тік тұрады. Аурухананың республикалық, облыстық, қалалық, клиникалық түрлері, ал ауылдық жерлерде бөлімшелік, аудандық, орталық түрлері бар.

Жаңа жыл қарасаңында ауданымызға қарасты Көкжазық ауылында дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Елдос Ахметов дәрігерлік амбулаторияны салтанатты түрде ашып, тұрғындардың денсаулығының қамы үшін ашылып отырған ғимараттың маңызы зор екендігін айтып, ауыл тұрғындарын келе жатқан жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтады.

Жасы үлкен апаларымыз бұл қуанышта тәттіден шашу шашып, өздерінің ақ тілегін білдіріді. Заманауи үлгіде салынып отырған бұл ғимарат керек құрал-жабдықтардың барлығымен қамтылған.

Сондай-ақ дәрігерлік амбулаторияның ішін аралауға кіріскен қонақтар мен ауыл тұрғындарының қуаныштарында шек болмады. Себебі медбикелер мен дәрігерлердің жұмыс бөлмелері заман талабына сай жабдықталып, керекті құралдардың барлығымен толықтай қамтылғын.

Есіктен кірісімен төрде әшекаейленген жаңа шылдық шырша, келе жатқан мерекенің жылы лебізін сездірді, ал бөлмелер күннің ызғарына қарамастан жылы болып тұрғандығы жанымызды жадыратты. Демек бұл ғимарат шынымен де ауыл тұрғындарының денсаулығының қамы үшін бой көтерген ғимарат деуге болады.

Тұсауы жаңа кесілген амбулаториямыз, алдағы уақытта ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту мақсатында аянбай жұмыс істейтіні сөзсіз.

Алима МҰРАТҚЫЗЫ.