ҒАЖАПҚА ТОЛЫ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІ

Жетісу өлкесі өзінің әсем табиғатымен, саф алтындай таза ауасысымен әлемге танылған киелі, әрі қасиетті жер. Бұл киелі өлкені әулиелер, билер мен көсемдер мекендеген. Өз заманында елін жаудан азат етіп, елінің жанашыры атанған батырлар да осы киелі өлкеден шыққан.

Әрбір тау-тасы мен баурайы тарихқа толы бұл өлке Алматы облысының жүрегіне айналған.  Жетісу жері киелі өлке болғандықтан бұл жерде тарихты дәріптейтін ескерткіштер көп. Қазіргі таңда Жетісу жерінде туризм кеңінен даму үстінде.Сонымен қатар қарлы шыңдар мен шынарлы ағаштарға бай өлкеде демалыс орындары мен жазғы лагерьлер өте көп.

Сондай демалыс орталығының бірі «Тау Жетіу» атты демалыс аймағы. Жан сергітіп, әсем табиғатқа бойлап, көрікті өлкенің кереметтерін дәріптеу мақсатында ашылған бұл орталық, демалушылардың басты ұйытқысына айналған. Бұл демалыс орны Франция альпілерінде орнналасқан «Куршавель» демалыс орнынан кем түспейді.

Тау үстінде орналасқан зәулім қонақүй мен бассейндер келушілерді қызықтырып, оларға ұмытылмас сезім сыйлайды. Жылдың кез келген мезгілінде жұмыс істеуін тоқтатпайтын демалыс аймағы облыс тұрғындарының ғана емес, республика, шет ел тұрғындарының да сүйікті демалыс орнына айналған. Тау үстінде орналасқан қонақүй заманауи үлгіде салынған. Кіргеннен іші көз тартатын қонақүйде өз ісінің шебері атанған жұмысшылар жұмыс істейді. Ал бассейндер жас мөлшеріне қарай іріктелініп салынған, яғни балалар мен ерексетердің шомылатын орнынының тереңдігі әртүрлі. Бассейннің суы күнделікті ауыстырылып, санитарлы талаптар сақталады.

Сонымен қатар бұл демалыс орнында қысқы туризмді дамыту кең етек алған. Қыс мезгілінде коньки, шаңғы тебетін арнайы жерлер бөлініп, керекті жағдайдың барлығы жасалан. Сондай-ақ конькиі мен шаңғысы жоқ адамдар арнайы ашылған дүкеннен осы заттарды қолжетімді бағада  жалға ала алады. Осы демалыс орнында денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әртүрлі ойын түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрады.

Жақында «Тау Жетісу» демалыс аймағында қысқы туризмнің ашылу салтанаты өтті. Күннің ызғары күн биікке көтерілгеннен кейін біраз басылып, жанымызды жадыратты. Туризмнің ашылу барысында әсем әндер шырқалып, тамылжыта ән салынып жарысқа қатысушылардың көңілін көтерді.

Ойын барысында жарысқа қатысушылар командаға бөлініп, шаңғы теуіп, садақ атып тағы басқа көптеген ойын түрлерін ойнап жарысты. Облыстық туризмді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен қолға алынған бұл бастама, жарысқа қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады. Жарысқа ауданымызға қарасты Сырымбет ауылы мен Төлеңгіт ауылынан жас спортшыларымыз қатысып, ауданымыздың намысын қорғады. Ойын соңында қатысушыларға лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Алима МҰРАТҚЫЗЫ