Ақындар әлеміне саяхат

тің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деп, ұлттық бірегейлікті сақтау, оны дәріптеу қажеттігін айтып өткен болатын. Мақалада айтылған бастамаларды іске асыру мақсатында мектепішілік жұмыс жоспары құрылған. 2018 жылдың желтоқсан айында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бастамасымен, 11-сынып оқушылары: Мырзағалиев Ердос, Жақсыбаев Данияр, Тұрсынов Нұрболаттың ұйымдастыруымен қазақ әде-биеті әлеміне саяхат жасалды.
11-сынып оқушысы Мырза-ғалиев Ердос 5, 6, 7, 8, 9-сыныптардан әдебиетке қызығушылғы жоғары, жыр сүйер белсенді оқушылардың басын қосып, «Мұқағали Мақатаев – поэзия мұзбалағы» тақырыбында шағын әдеби-сазды қойылым көрсетті. Ақынның өз дауысын тыңдатудан басталған шара оқушылардың өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқуымен жалғасты. «Райымбек! Райымбек!» поэмасынан шағын сахналық көрініс қойылып, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды.
Дәл осылай біріктірілген келесі топ «Жыр жампозы – Жамбыл» тақырыбында кешті жалғастырды. 11-сынып оқушысы Жақсыбаев Данияр айтыскер, ақын Ж.Жабаевтың балалық шағынан, «Жамбыл мен Айкүмістің айтысынан» атты көрініс көрсетті.
Кешті 11-сынып оқушысы Тұрсынов Нұрболат жыр сүйер қауымға «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында жалғастырды. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан слайд ұсынды. Абайдың «Он жетінші қарасөзін» көрініс ретінде ұсынып, оқушыларды қызықтыра білді. Сонымен қатар ақынның қазақ әдебиетінің жауһарларына айналған өлең-дері оқылды.
Осылайша жоғары сынып оқушылары ерекше форматта әдеби-сазды, әрі әдеби-танымдық кешті үй-лестіре білді. Көрермен оқу-шылар құрдастарының ұй-ымдастыруымен өткізілген іс-шара арқылы Жамбыл, Абай, Мұқағали әлеміне саяхат жасап, пайдасы мол рухани тәлім алды. Ұстаздар шәкірттерінің шығармашылығы мен тапқырлығына қуанды.
Оқушыларымыздың әрқашан жақсылыққа ұмты-латын, халқына пайдасы тиетін, елге қызмет ететін ұлтжанды азамат болатындарына біз – ұстаздар қауымы сенеміз.
П. Каирбекова,
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қоңыр орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.