Рухани сананы жаңғыртар көрме

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өт-кеніне көз жүгіртіп: «Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қа-білетті, табысты ел болу» деп анықтап айтқан болатын.
Мемлекет басшысының ав-торлық мақаласының аясында, ауданымызда көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте, ауданымызға қарасты ауылдық округ мек-тептерінің қатысуымен «Рухани көрме» ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары көрмеге өздерінің жасаған керемет бұйымдары мен өнер туындыларын халық назарына ұсынды. Ұсынылып отырған көрмеде ағаштан, қағаздан, матадан жасалған көз тартарлық бұйымдар өте көп.
Ауданымыздың барлық мек-тептері қатысқан бұл көрме, мектеп оқушыларының рухани танымын кеңейткені сөзсіз.
Алима НҮСІПОВА.