ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛ БАҚЫТЫ

Мемлекетіміз тәуелсіздігін алып, дербес елге айналғанына биыл 27 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз көптеген жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясатының арқасында экономикамыз көтеріліп, жарқын болашаққа қадам бастық.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл мейрам айтулы мейрамдардың бірі болып табылады.

Айтулы мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Бағлан Тәнекенов салтанатты жиында сөз бастап, аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, 27 жылдың ішінде мемлекетімізде ел игілігі үшін атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы сөз етті. Сонымен қатар  ауданымыздың гүлденуіне атсалысып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Ескелді ауданының Құрметті азаматы» деген төсбелгімен марапатталды. Сондай-ақ үздік деп танылған мемлекеттік қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды.

Алима НҮСІПОВА.