“ЖАС ҰЛАН” — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

image description

Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдану – әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. Келешегін бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымын көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі.

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында 30 желтоқсан күні 3, 5-сынып оқушыларымен «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Бұл ұйымның басты мақсаты оқушыларды салтанатты түрде жиынға қабылдай отырып, Қазақстан мемлекетінің дарынды, қайратты – білімді азаматы болуға, әдептілікке, адамгершілікке, бірлікке, адалдыққа үндей отырып, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсететін жастар тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымға қабылданушы 79 оқушы «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай орындауға, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Оқушылар ұйым қатарына қабылданғандарына қуаныштарын білдіріп, өздеріне артылып отырған сенімді ақтау үшін келешекте тырысып, алдыңғы қатардан көрінуге уәде берді.

Мектеп директоры Ғ.Макипбекова сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымда-рына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты.

Ертең әлемдік саясат аренасында Қазақстанның күшін, мүмкіндігін танытып, ел абыройын биіктетіп қана қоймай, әл-ауқаты мен әлеуетін, тұрмысын жақсартуға, экономиканы еселеп дамытуға күш салатындар да осы – «Жас ұланның» өрендері болмақ! Егемендігіміз бен елдігімізді ерекше ту еткен жас өркендеріміздің алар асуы, шығар шыңы биік болғай!

А. Ахметжанова,

директордың тәрбие ісі орынбасары.