ЕЛБАСЫ — ЕЛ ТІРЕГІ

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы – тәуелсіз Қазақстанның Тұнғыш Президенті.

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті күнін атап өту Елбасының мемлекет алдындағы жарқын жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасын қазірде барша әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық басқарған Н.Назарбаев, Қазақ елінің туын көкке көтеріп, мемлекетіміздің іргесін берік етті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық.

Мерекеге орай аудан әкімі Бағлан Тәнекенов әкімшіліктің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлерді 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтап, оларға еңбектерінің жемісті болуын тіледі.

Сонымен қатар мемлекетіміздің өсіп-өнуіне өз үлесін қосып, аянбай еңбек етіп, мемлекет алдында адал қызмет етіп, ауданымыздың гүлденуіне ат салысып жүрген үздік қызметкерлер аудан әкімінің марапатына ие болды. Мемлекеттік қызметкерлердің құрметіне арналып шағын концерт ұйымдастырылып, әннен шашу шашылды.

Алима НҮСІПОВА.