ЕЛ ЕРТЕҢІ — БІЛІМДІ ЖАСТАР

Өткен аптада жастар ресурстық орталығы мен Көксу ауылшаруашылық колледжі директорының орынбасары Н.Шомшековтің ұйымдастыруымен «Ел ертеңі — білімді жастар» атты аудандық жайдарман ойыны өтті.

Өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жастар арасында осындай қызықты, тартысты ойындар жиі өткізіліп тұрады.

Жайдарман ойынына жалпы алты команда қатысты. Жарыс «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» атты екі кезеңде өтті. Қатысқан командалар үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Ойын барысында қатысушы командалар тақырыпқа сай ұтқыр әзілдерімен көпшіліктің көңілін көтерді.

Жеңімпаз командалар алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды «Жастар» командасы алса, ІІ орынды «Бес саусақ» командалары тұрақтады. І орынды «Эффект» командасы иеленсе, жарыстың бас жүлдесін «КП КZ» командасы ұтып алды.

Қ.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

жастар ресурстық орталығының маманы.