НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС

ҚМДБ тарапынан өңірлерде әйелдер-қыздар секторы ашылғалы аймақтағы әйелдер-қыздар қауымымен жұмыс бір жүйеге түсті. Мешіттердің әйелдер-қыздар жамағаты өз жоспарларына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарып, бүгінгі таңда әйел жамағатының саны да артып келеді.

Осындай атқарылған шаралардың бірі өткен аптада Ескелді аудандық мешітінде өтті. Онда ауданның әйел мен қыздар жамағаты білімдерін жарыстырды. Сайыстың алғы сөзінде аудан имамы Болат Жұмағалиев діни білімнің маңыздылығын айтып, келе жатқан қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Қатысушылар арасында араб және қазақ тілінде дұғаларды оқып жарысты. Одан кейінгі кезеңде Құран Кәрімдегі пайғамбарлар дұғасы қай сүреде айтылғанын табу керек болды. Соңғы кезеңде намаз дұғаларын екі тілде дұрыс айту сайысы өтті. Сайысқа белсене қатысқан шәкірттерге бағалы сыйлықтар табысталды.

З. ЖҰМАБЕКОВА.