ЖАСТАР ФОРУМЫ

Биыл күзде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Қазақстан халқының әл-ауқатының артуын басты назарға алған жаңа үндеу тұрмыс пен табыс сапасын арттыру мақсаттарын айқындап берді. Ұстаздар күні мерекесіне тұспа-тұс келген биылғы Жолдау педагог мамандарға үлкен жаңалығын әкелді. «Келесі жылдан бастап «Педагог мәртебесі» деген жаңа заң қабылдауды тапсырамын» деген Елбасы сөзі білім беру саласындағы мамандар үшін көптен күткен қуаныш еді.

Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР Білім министрлігі «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Жаңа заң білім беруші ұстаздардың мәртебесін көтеріп, олардың жұмыс істеуге деген шабытын көтерді. Мұғалімнің қоғамдағы орны әрдайым ерекше болған, өйткені ол жалпы білім берудің негізгі алтын діңгегі болып қала береді.

Осы орайда, Қарабұлақ ауылының Шестаков атындағы орта мектебінде аудан жастарының қатысуымен «Ұстаз мерейін өсірген Жолдау» атты жастар форумы өтті.  Форум барысында қатысушы жас мамандарға сөз беріліп, шағын концерт ұйымдастырылды. Сөз сөйлеген жас мамандар Елбасының Жолдауына зор сенімін білдіріп, келер жылдың Жастар жылы деп жарияланғанын мақтан тұтып, жарқын болашақ жастардың қолында екенін сөз етті.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялануы жастардың мәртебесін көтеріп, олардың патриоттық сезімін оята түсті.

Алима НҮСІПОВА.