17 маусымда Қарқаралы ауданының ұлттық табиғи паркінің «Үш үңгір» кешенінде волонтерлер тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қоғам белсендісі Рахымбек Дәурен: «Біздің табиғатымыз әсем, көркем деп әрдайым мақтанамыз. Бірақ Қарқаралы қаласының тұрғындары және де қонақтарымыз осындай іс-әрекеттер арқылы табиғаттың көркіне зиян келтіруде деп айта аламыз. Бүгінгі күні осы табиғатты дәл қаз-қалпында сақтап келешек ұрпаққа жеткізу ол — біздің тікелей міндетіміз деп білеміз», — деп үндеу тастады.
Отанымыздағы туризм саласының дамуы көңіл қуантары сөзсіз. Алайда тарихы тереңге жайылған көненің көздеріне жауапкершілікпен қарасақ еліміздің көркеюіне атсалысар едік.
(Видео @dauren_09kz инстаграм парақшасынан алынды)
Қарақат Бердалықызы,
І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің
11-сынып оқушысы
Шалқар ауданы
Ақтөбе облысы