ДЗЮДОҒА 11 ЖАСЫМДА КЕЛДІМ

Спорт — талай ұл қыздардың​ салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жетуіне себепші болған сала. Спортың түрі де өте көп. Бірі бокспен айналысса, бірі карате, футбол, хоккей, дзюдомен айналысады. Ал қыздар арасында дзюдо спорты мен айналысып, талай елді бағындырып, көк туымызды көкке көтерген Азияның екі дүркін чемпионы атанған Әмина Расулқызы. Талай елдің арасында топ жарып, нағыз спорт шеберіне айналған Әмина ханым мен бір сырлы сұхбат жүргізген едік. Осы сұқбатты халың оқырманға ұсынуды жөн санадық.

 

–Әмина ханым! Сізді қыздар арасында дзюдо спорты бойынша керемет спортшы және чемпион екеніңізді білеміз. Бірнеше рет шет елдерге барып, Қазақстанның атын шығаып, көк туымызды желбіретіп жүрсіз. Бізге​ бір қызығы Әмина ханымның балалық шағы қалай өтті?

–Мен өзім кішкентайымнан спортқа бейім болдым деп ойлаймын. Ер мінезді, ер балалармен көп ойнайтын, қыз балаларға қарағанда. Ер балалардың ойынын ойнап, футбол жаңағы балалармен атысып сондай ойындар ойнайтынмын.

​ ​ –Сіздің спортқа деген қызығушылығыңыздың оянуына не түрткі болды және қанша жасыңызда келдіңіз?

–Менің әпкем болатын. Сол кісі осы спорт түрімен айналысады. Әлемнің, Азияның екі дүркін чемпионы. Сол мені осы спортқа тартқан болатын. Мен дзюдоға 11 жасымда келдім. Сол кезден бастап спортқа деген қызығушылығым арта түсті. Осы спорт түрінен кішкентайымнан теледидардан қарап, қызығып отыратын едім. Сол себепті осы дзюдоны таңдадым деп ойлаймын.

–Білуімізше сіз спортпен шұғылданғаныңызға 10​ жылдан астам уақыт болыпты. Осы 10 жылдың ішінде біз білмейтін қандай жетістіктерге жеттіңіз?

–10 жыл ішінде ең бастысы ол «Спорт шеберін» алдым. Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген спорт шеберлігін және де үлкен жетістіктерім Азия чемпионатының​ екі рет алтын жүлдегері болдым. Қазақстан Республикасының жүлдегерімін. Осындай жетістіктерім бар.

–Сіздей спортшыны чемпион қатарына қосқан​ бапкеріңіз жайлы не айта аласыз?

-Бапкерім әйел адам болатын. Есімі Айгүл Жиренбаева. Ол кісі мені 10 жыл бойы баптап, осындай нәтижелерге​ жеткізген.

–Дзюдомен айналысуға ата анаңыз немесе туыстарыңыз қарсы болды ма? Бұл спорт қыздар үшін өте қиын мүмкін басқа спорт түрімен айналысарсың дегендей қарсы ой пікірлер айтылды ма?

–Әрине қыздарға бұл спорт ауыр, ертең көптеген​ қиындықтар болады ғой деген неше түрлі пікірлер болатын бірақ өзің таңдауың болғаннан кейін артқа қайтпадым. Менде мынадай қызықты оқиға болған. Бір күні ауыл арасында наурыз мерекесі тойланған болатын.​ Күрестен қаздар арасында жарыс өтті. Сол кезде​ мені өзімнен 10 жас үлкен қызбен күрестіріп қойған еді. Мен ол қызды бес секундта жыққан болатынмын. Содан кейін ата-анамның​ көзі жетіп осы спорт түріне өздері берген еді.

–Қай сала болмасын қызығы да, шыжығы да қатар жүреді.Сіздің спорт саласындағы ең қиын сәтіңізді баяндасаңыз.

–Ең қиын сәттер ол жарақат алған сәттер ғой. Содан кейін салмақ түсіру деген бар, салмағымыз түспей кейде тамақ ішпей аш қалған күндеріміз өте көп болған. Осындай қиын сәттер бар.

–Қиын сәттің барлығын есіңізге түсіріп алдыңыз. Енді есте қалған ең ерекше, қызықты оқиғаңыз.

–Иә өте қызықты оқиға бар. Мен осы кілемнің үстінде күресіп жатқан кезде ол жерде енді екі күресіп жатқан адам болады одан кейін ортада тек төреші болады ғой. Сол күрес болып жатқан жерде анам кілем үстіне шығып кеткен болатын. Ең қызықты сәт болды. Сонда анам кілем үстіне шығып алып былай жаса, былай жаса деп көрсетіп жатқан еді. Сол кезде барлығы күліп бір қызық болған.

–Иә сіз қазіргі таңда тұрмыс құрыпсыз, ана атаныпсыз. Құттықтаймыз! Бірақ қазіргі уақытта спорттан алшақтап қалдыңыз. Кейде спортты аңсайтын, күрес алаңын сағынатын кездеріңіз болады ма?

-Иә әрине сағыныш болады. Сағынған кезде осы жеткен жетістіктеріме қарап сағынышымды басып аламын немесе әлеуметтік желіден күрескен сәттерімді көріп бір сағынышымды басып аламын. Бірақ спортқа қайта оралғым келетіні жасырын емес.

–Сіз өз ізбасарларыңызға қандай ақыл кеңес берер едіңіз?

–Ең бастысы еңбек етіп, өткенге қарамау керек. Алдыңда неше түрлі қиындықтар кездеседі. Жарыс болғандықтан бір жеңесің бір жеңілесің. Қиын сәттер болады мойымай алға қадам бас. Тек сәттілік!

–Әмина ханым сізге үлкен рақмет алда жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын. Күніңіз сәттілікке толы болсын.

 

Аружан Шардарбек

Түркістан обылысы

Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы