Майами (Флорида) аумағына кіретін Сурфсайд қаласында көпқабатты үй құлады. Жергілікті Local 10 телеарнасының мәліметінше, жүзге жуық адамның тағдыры белгісіз болып отыр.
Майами-Дейд полициясының директоры Фредди Рамирестің айтуынша, полиция 53 тұрғынмен байланыс орнатқан, бірақ тағы 99 адам із-түзсіз қалып отыр. Ассошиэйтед Пресс агенттігі бұл аймақта ресейлік иммигранттар мен ортодоксиялық еврейлердің отбасы тұратынын атап өтті. Агенттік хабарына қарағанда, апат кезінде жоғалған 99 адамның 22-сі Латын Америкасы елдерінен.
Жергілікті БАҚ-тың кейінгі мәліметі бойынша, үш адам қаза тауып, кем дегенде тоғыз адам жараланған. Қазір 40-қа жуық адам құтқарылғаны белгілі.
Мэр апат себебін тексеруге инженерлер жұмылғанын айтты, әзірше үй неге құлағаны белгісіз.
Үсен Сара Ғаниқызы
Тараз қаласы,
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің
11 “В” сынып оқушысы.