Басты мақсат — Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының бұзылуына жол бермеу

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу аса үлкен назарды және мемлекеттік сатып алу саласындағы білім мен дағдыларды талап етеді.
Мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы білмеуіне және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу салдарына байланысты, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын осындай бұзушылықтарға жол берген біраз жағдайлар бар.
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы 3) тармақшасымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың негізділігіне, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жоспарын орналастырудың уақтылығы мен толықтығына мемлекеттік сатып алу веб-порталын зерделеу арқылы тексеріс жүргізілді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, « Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу».
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын зерделеу нәтижесі бойынша, бірталай мемлекеттік мекемелермен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасының 39-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының бұзылуына жол бергендігі анықталды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанына әкімшілік жауаптылық «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабымен қарастырылған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабының 11-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу –лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Осы ретте, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен, Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасының 39-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының бұзылуына жол берген бірталай мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабының 11-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттің бюджетіне 7 500 000 мың теңге көлемінде айыппұлдар өндірілді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу саласында заңнама нормаларын бұзуды және тиісінше әкімшілік жауаптылықты болдырмау барысында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын әрдайым қатаң сақтау керектігі, мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларына аса назарға алу ұсынылады.