Елімізде ҰБТ өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Stan.kz ақпарат агенттігінің  ақпаратына сүйенсек, ҚР Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді деп хабарлайды.

Тестілуге кіру сәтінде оқуға түсушілер арнайы мекемеге бір бірден кіргізіледі. ҰБТ тапсырушы түлек  жеке басының куәлігі арнайы жүйеде онлайн түрде өтініш берген түлектер сканер арқылы іске қосылады. ҰБТ кезінде металл детекторлары кіру кезінде қолданылады. Тестілеу кезінде үзіліс уақыттары бар: тестілеудің алғашқы 60 минуты өткеннен кейін  оқушыларға көзге арналған жаттығуларды орындауға 2 минут берілді. Тестілеудің 120 минут өткен сәттен кейін 15 минут шамасында үзіліс беріледі. Тестілеудің 180 минуты өткеннен кейін 3 минут үзіліс болады. Шығармашылық емтихан тапсыратын түлектерге тестілеу ұзақтығы 65 минут.

ҰБТ тапсырушы түлекке электронды форматта өткізілу кезінде рұқсат етілмейтін нәрселер: аудиториядан 10 минутқа артық шығуға, орын ауыстыруға, сөйлесуге, түлекке берілген қағаздарды аудиториядан шығаруға, әртүрлі ұялы телефондар, әдістемелік құралдар мен смарт сағаттарды қолдануға, аудиторияда шу шығаруға, А4 форматында берілген қағаздарды  тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін  өзімен бірге әкетуге және техниканы қасақана бүлдіруге  болмайды. Осы ережелерді бұзған әрбір оқушының тестілеу нәтижесі жойылады  және тестілеу нәтижелері өңделмейді.

Еске сала кетсек, бұл бұйрық 2021 жылдың 19 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Рымқұл Асылжан Болатқызы

Қарағанды облысы, Шет ауданы,

Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның

11-сынып оқушысы.