ҰБТ нәтижелері жойылған түлектер

Биыл тест тапсыру кезінде ережені бұзғаны үшін 563 түлектің нәтижесі жойылды.

Тест орталығының соңғы мәліметтеріне сәйкес бүгінде елімізде 123 мың түлек тест тапсырды. 224 оқушы аудиторияға рұқсат етілмеген заттарды алып кіруге тырысқаны үшін тестке жіберілмеді. Ал аудиториядан ережелерді бұзғаны үшін 563 оқушының нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

Нәтижелері жойылған түлектер ЖОО-на түсу құқықтарынан айырылады. Білім және ғылым министрлігі түлектерге академиялық шынайылықты сақтау керектігін еске салады. Айта кетейік, әрбір тест тапсырушы орнатылған камера арқылы қатаң бақыланады.

Алтаева Инкар Болатовна,

Қарағанды қаласы,

                              Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.