Өмірге кітаппен бірге

Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол — мектептің жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ескелді ауданы Қаблиса жырау атындағы орта мектеп кітапханасында «Отбасымызбен кітап оқимыз» оқудың жаңа дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру. Білім алушыларға кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сол арқылы тіл байлығын

дамытып, азаматтық және рухани – адамгершілікті насихаттау жұмыстары жүргізілуде бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға тарту ушін «Ертегілер еліне саяхат» кітапханаға саяхат жасалды. Бұл шараның мақсаты ертегілер арқылы баланы оқуға тәрбиелеу.

5-7 сынып арасында «Менің сүйікті кітабым», 8-10 сынып арасында «Менің сүйікті кейіпкерім» онлайн-челленж өткізілді.

Биылғы жылы кітапханамызға аудан білім бөлімінен көптеген көркем әдебиеттермен, ертегі кітаптарымен қамтамасыз етті. Мектеп кітапханасы-кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста болып, әртүрлі іс-шаралар, кітап көрмелерін ұйымдастырып отырамыз. Атап айтсақ «Тәуелсіздіке 30 жыл-30 кітап», «1-мамыр бірлік күні», «Ғарышкерлер күні», «Кітап білім бұлағы», «Жамбыл Жабаевқа -175 жыл», «Ұлыстың ұлы күні», «Бір сынып,бір кітап» «Ертегілер еліне саяхат», «Мұқагали Мақатаевқа 90 жыл», «Шақырады көктем Тұманбай Молдағалиев». Көрмелер қойылып көптеген видио роликтер түсірілді.

«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса…

Білімде сондай керек» — Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай кітап оқиық, білімімізді дамытайық.

 Б.Бекжунисова, Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің кітапханашысы.