Кітапхана – мектеп жүрегі

Кітапхана жұмысының басты мақсаты — оқырмандарды тарихқа, мәдениетке, әдебиетке, білім мен тілге, табиғат пен оны қорғауға, өз Отанының тарихын зерттеуге деген қызыгушығын арттыру және соған тәрбиелеу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы қазан айының 21-і күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында берген тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындагы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. «Бір ел — бір кітап» республикалық акциядан берілген әдеби кітаптар ойлы окырмандарымыздың арасында өз орнын тауып келеді. Жаңа жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

Ақпан айында мектебімізде ақиық ақын Мұкағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Поэзия тұлпары — Мұқағали» атты ұстаздар арасында өлеңін жатқа оқу челлендж ұйымдастырылып, әр айтқан өлеңдерінің мазмұнын ашатын презентация, бейне жазбалар жасалып, жоғарғы деңгейде өтті.

Қазіргі танда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындарың бірі — мектеп кітапханасы. Егемен елімізді ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол — мектептің жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті. Мынау келген жаңа заман — компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу, әр баланың құндылығымыз, тендесі білімін толықтыратын қасиетті қара шаңырағы — кітапхана. Кітап — рухани байлығымыз. Өткен замандардың тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де осы кітап арқылы жетіп отырады.

Сондай-ақ оқушыларға, ұстаздарға арнап көрмелері де жасалып, дайын материалдарды пайданалуға ұсынып отырдық.

1-сынып оқушылармен кітапханаға саяхат жүргізіліп, кітапхананы пайдалану ережелермен таныстырылып, оқырман ретінде тіркеуге алынды. Оқыған ертегілері жайлы пікір алмасты. 1-5 сынып оқушылары ертегілер мен әдеби кітаптарды жаздырып алып оқиды. Жоғары сынып оқушылары кітапханаға үнемі келіп, әр сала бойынша қосымша материалдармен білімдерін толықтырып отырды.

Білім алушылар бос уақыттарын тиімді пайданалып, үнемі ізденісте болуы қажет. Осы орайда қабілеті мен ой өрісін дамыту арқылы жемісті жетістіктерге жету жолының бағыт-бағдары — кітапханадан кітап алып оқуды әдетке айналдыру, өскелен ұрпақ үшін бүгінгі күннің басты талабы.

Н.Ж.Айнабаева, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің кітапханашысы.