Бастауыш партия ұйымдары есеп беруде

Ағымдағы жылдың 19 сәуір күнінен бастап Ескелді ауданы Бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары басталды. Пандемияға байланысты жиналыстар санитарлық нормаларды ұстана отырып, онлайн форматта өтуде.

Күн тәртібінде 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер, одан әрі:
Бастауыш партия ұйымының төрағасын сайлау; Бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасарын сайлау; Бастауыш партия ұйымы Бюросының құрамын сайлау; Аудандық партия филиалының XXIX есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау сынды мәселелер шешіледі. Жиналысқа сол БПҰ тіркелген партия мүшелерінің кемінде 50% қатысуы қамтамасыз етілді.


Айта кететін болсақ, ауданда 13 БПҰ тіркелген, олар: «Алдабергенов», «Ақын-Сара», «Бақтыбай», «Көкжазық», «Жалғызағаш» , «Қайнарлы» ,»Қаратал», «Қарабұлақ, «Сырымбет», «Жетісу», «Қоңыр», «Жәрдем», «Жастар».