ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚҰРЫЛДЫ

Ауданда «Nur Otan» партияcының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғамдық кеңестер құрылды. Ал 16 сәуір күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Саяси кеңес Бюро отырысы өтті.

Күн тәртібінде бірқатар сұрақтар көтеріліп, құжаттар мен кестелер Бюро мүшелерінің дауыс беруімен бекітілді. Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының XХIX есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квота, сонымен қатар, аудандық сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттар анықталды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева өз
сөзінде былай деген болатын: «Кеңестің міндеттері мен мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақылау. Коғамдық кеңестердің ережелеріне сәйкес
отырыс тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамдарында әйелдердің 30% және 35 жасқа дейінгі жастардың 20% құрамдары ескерілді. Кеңес құрамдарына басқа ұлт өкілдері және партия жақтастары енгізілді. Жалпы кеңестердің құрамдарына мәслихат депутаттары, кадрлық резервте тұрған кандидаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді».

Атап айтсақ, Ескелді аудандық қоғамдық кеңес төрағаларына келесі азаматтар  бекітілді: өңірлік даму бойынша – Александр Хильниченко, аграрлық сектор бойынша – Айдын Дүйсенбинов, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша – Гүлмира Ахметова, отбасы, әйелдер, балалардың құқықтарын қорғау
мәселелері және жұмыспен қамту мен халықты әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша – Раушан Мейірбекова, білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері бойынша – Саят Тікенбаев, экология мәселелері бойынша – Саят Тікенбаев, жастарды қолдау бойынша Серік Жолдыбаев,
партияның бақылау комиссиясы бойынша – Бақыт Досанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесіне – Ермек Торғаев жетекшілік етеді. Соңғы қаралған сұрақ, ол аудандағы бастауыш партия
ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының, есеп берусайлау конференцияларының өткізу кестесі бекітілді.

«Nur Otan» партиясы
Ескелді аудандық филиалы.