Мектепке дейінгі ұйымдарға (3-6 жас балалар) құжаттарын қабылдау

«Электрондық үкімет — мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе www.egov.kz веб порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында  өзіне керекті мәліметтерді ала алады.

Соның бірі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы №518 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (3-6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты болып табылады. «Мектепке дейінгі ұйымдарға бала жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (3-6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру 3 кезеңнен тұрады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, баланың мекен-жайы туралы анықтама, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады және өтініште көрсетілген балабақшаға кезекке койылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Берілген жолдама мектепке дейінгі ұйымға берілген күннен бастап 5 күн ішінде тапсырылуы тиіс.

«Балдырған» балалар бақшасы 2020 жылдан бастап балаларды e-zhetysu.kz мемлекеттік қызмет көрсету порталы арқылы қабылдайды.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап, 0-6 жас аралығы кезектегі балалардың e-zhetysu.kz порталы автоматтандырылған https:// kezek.e-zhetysu.kz ауыстырылды. Қазіргі таңда балабақшамызда өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Уақытында ата- аналарға кеңестер және көмектер көрсетіліп отырады.

Г. СВАНКУЛОВА,

«Балдырған» балалар бақшасының меңгерушісі.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі.