ҚМДБ төрағасының құттықтау хаттары табысталды

Жақында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тұрғындар арасында әлеуметтік маңызы бар байланыстарды дамытуға, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытқан және елдегі тұрақтылыққа зор үлес қосып жүрген ауданның бірқатар азаматтарына Рамазан айының құттықтаулары жеткізілді.

Аллаға ұнамды әрбір амалдың сауабы еселеніп жазылатын айда осынау ізгі шаралардың жақсылығы еселене түссін деген тілек білдіреміз.

 

Ескелді аудандық мешіті