ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

Жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «Ел үміті» бастамасы негізінде Алматы облысы білім басқармасының «Жетісу дарыны» орталығы «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен «Елбасы медалі» жобасының тағы бір мәрте жеңімпаздары анықталды.

Ескелді ауданы білім бөлімінің басшысы М.Бектуров бүгін жеңімпаздарды қабылдап, салтанатты түрде медаль мен төсбелгілерді табыс етті. Жеңімпаздар қатарында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Болатхан Дина, Титов атындағы орта мектебінің оқушысы Ахмет Серікжан, Қарабұлақ орта мектебінің оқушысы Әкімтай Жаннет Мұратқызы, Жақыпбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Өнерхан Айгерім Өнерханқызы, Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы Қабылжан Думан, Байысов атындағы орта мектебінің оқушысы Мухамеджанов Бекасыл Ерланұлы, Шестаков атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрқуатова Диана Дарханқызы, Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің оқушысы Толқын Нұршуақ бар.

Марапаттау рәсімі санитарлық-эпидемиялогиялық талаптары сақтала отырып ұйымдастырылды.

Ескелді ауданының білім бөлімі.