МАҢЫЗДЫ ЖИЫН

Апта басы, сейсенбі күні ауданымызға іссапармен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж. Жөргенбаев келіп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Жиынға облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, мәслихат қызметкерлері, барлығы 18 адам қатысты.
Кездесуді Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Сатанов ашып, сөз кезегін Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Әкебайұлына берді.
Ж. Жөргенбаев өз сөзінде Ескелді ауданына келуінің мақсаты депутаттармен кездесіп, қажетті түсініктеме жұмыстарын жүргізу екенін айтты. Жалпы, жұмыс жоспарларымен танысып, сессия және тұрақты комиссия отырыстарының онлайн трансляция арқылы
өтуіне байланысты жұмыстарын нақты ретке келтіруін, ел алдында қателіктерге жол бермеуіне қадағалауы бойынша ұсыныс білдірді.
Депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне әлеуметтік желіде, бұқаралық құралдарында белсенді болуының заман талабына сай екенін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттардың қойған сұрақтарына нақты жауап берді.
Депутаттардың атынан аудандық мәслихат депутаты Д.Идрисов сөз сөйледі.
Кездесу соңында аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Сатанов Жанболат Әкебайұлына аудан депутаттары атынан алғысын
білдірді.

А. ОРАЛБЕКОВА.