ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСТЫ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

12 наурыз күні аудандық полиция бөлімінің ұсынысымен аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Жақанова, аудандық прокуратураның прокуроры Н. Билибеков және
ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Э. Намазиманованың қатысуымен бейнебайланыс
арқылы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар комитеттерінің төрайымдарымен
кезекті онлайн-кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Талқыланған негізгі тақырыбы: оқушылардың қатысуымен қылмыс оқиғалардың, суицид оқиғалардың алдын алу және оқушыларға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, іс-тәжірибе бөлісу мақсатында Балпық би АОМ
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жақаева тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыс туралы, Мелькомбинат НОМ педагог-психологі С.Қасенова суицидтің алдын алу шаралары бойынша презентацияларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Аудандық білім бөлімі.