СӨЗДІҢ БӘРІ ҚҰДІРЕТТІ

Өткен аптада Алматы облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес облыстық
жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Қадыр Мырза Әлі өлеңдерін насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, ақынның рухани бай мұрасына деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, оқушылардың ойтұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында облыстық Қадыр оқулары өткізілді.
«Сөздің бәрі құдіретті…» айдарымен Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша байқауға қатысқан Жетісу орта мектебінің 8-сынып оқушысы Қабен Аруна (жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зайтбекова Раушан) ақынның
шығармаларын нақышына келтіре орындап, әділқазылар алқасының жоғары бағасына
ие болды. Аруна ақынның 55 өлеңін жатқа оқып, облыс көлемінде 2-жүлделі орынды
жеңіп алды.

Ескелді ауданының білім бөлімі.