КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ

1 қараша күні 2018-2019 жж. Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыруға дайындық бойынша Ескелді ауданында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы М.Алибаев пен аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаевтың қатысуымен «Қыс – 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды.

Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізілді.

Өз сөзінде Ескелді аудандық ТЖБ басшысы, подполковник Д.Азаматов: «Бүгін ауданның жедел әрекет ету қызметтері дайындықтарының қаншалықты деңгейде екеніне куә болдық. Сонымен қатар оқу-жаттығудың жапа шеккендерге медициналық қызмет көрсету, жолаушыларды қауіпсізге жерге құтқару және шығару бойынша тактикалық-мамандандырылған іс-әрекеттері сараланды. Және бүгінгі оқу-жаттығу алдына қойған мақсаттарына жетті деп санаймын», – деді.

З. БЕЙБІТҚЫЗЫ.