РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

Өткен аптада Алматы облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес облыстық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту мақсатында облыстық Мұқағали оқулары өткізілді.

Байқауға қатысушылар М.Мақатевтың шығармашылығынан әділқазылардың нұсқауымен кез келген өлеңді, поэмаларынан үзіндіні жатқа оқыды, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» айдарында оқушылар өз шығармашылығынан жинақтарын ұсынды, өздері жазған туындысын тыңдармандарға мәнерлеп оқып берді.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» қатысқан бәсекелі бәйгеде Жалғызағаш орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулетханқызы Мадина (жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Орынтай Мұратхан) 3- жүлделі орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алды.

Ескелді ауданының білім бөлімі.