СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.

Бұл бағытта бірқатар маңызды міндеттер атқарылған. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, мектебімізде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі А.Омарова әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты

қалыптастыру және парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын өткізді. Байқауға М.Мәметова атындағы орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Асанбек Зивараның ата-анасы М.Рахымжанова мен Қ.Жангелдиев және 3 «ә» сынып оқушысы Серікбай Әлинұрдың жанұясы Әулбековтер қатысты.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектепте тұрақты түрде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс істейді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының негізгі идеясы – жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық ҚР азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

М. БЕКТЕНОВА,

М.Мәметова атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы.