ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2021

Алматы облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл авторлық идеялары бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан педагогикалық мәдениеттілігі жоғары, жан-жақты дамыған дарынды тұлғаны анықтау мақсатында онлайн режимінде «Үздік жыл мұғалімі-2021» аудандық байқауы өткізілді.

Байқаудың сырттай 1-кезеңінде мұғалімнің жетістіктерін айқындайтын электронды портфолиосы сараптамадан өткізілді.

Байқаудың 2-кезеңінде үміткерлер онлайн режимінде «Жұмыс жүйесінің моделін» қорғады. Бұл кезеңде ұсынылған оқыту тәсілдерінің әдістемелік негіздемесі және құндылығы, жаңашылдығы, идеялары және мазмұнының ерекшелігі, практикалық мәнділігі бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша негізгі мектептер арасында 2-орынды Жаңалық негізгі орта мектебінен М.Медетбекова, 1-орынды Мичурин негізгі мектебінен А.Әбілғазинов, орта мектептер арасында 3-орынды Жетісу орта мектебінен А.Әбдікәрімова, 2-орынды Шестаков атындағы орта мектебінен О.Короткова, 1-орынды Алдабергенов атындағы орта мектебінен Г.Агибаева иеленді.

Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Г.Куджакова бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Аудандық білім бөлімі.