БАҒДАР — АНЫҚ, МАҚСАТ – АЙҚЫН

Аудандық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының ХХІV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияда Ескелді аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдардағы атқарған жұмысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын кеңінен насихаттау жұмыстарын іске асырылуы, ұйымдық мәселелер (Алматы облыстық партия филиалының ХXIV есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау, Ескелді аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңес Бюросының мүшелерін сайлау) қарастырылды.

Ескелді аудандық ХХІV есеп беру-сайлау конференциясының жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Тәнекенов, «Хильниченко и К» коммандинттік серіктестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты В.Хильниченко, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Идрисов, аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес Бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағаларынан сайланған 220 делегат қатысты. Конференция жұмысында аудандық партия филиалының төрағасы Б.Тәнекенов аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдардағы атқарған жұмыстарына өз есебін беріп, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Саяси кеңесінің мүшесі Қ.Алпысбаев, Ескелді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі С.Жолдыбаев аудандық партия филиалының жұмысының негізгі тұстарына тоқталып өтіп, атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық баға берді. Елбасы Жолдауында жарияланған мақсат-міндеттер туралы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, партия ардагері Қ.Тастанбаев баяндап айтты.

Конференцияда мандат комиссиясының төрағасы С.Төлепбергенов қатысушы делегаттардың дауыс беруімен конференция делегаттарының өкілеттіктерін бекітіп, партия филиалының саяси кеңес құрамын, облыстық партия филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Сонымен қатар, конференция жұмысының жалғасы партия филиалының саяси кеңесінің ашық отырысы өтіп, күн тәртібінде Саяси кеңестің Бюро құрамы бекітілді. Сонымен қатар, конференция барысында делегаттардың назарына партия филиалының 2017-2018 жылдары атқарған жұмысы туралы презентация ұсынылды. Қорытындылай келе, күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Д. ИДРИСОВ,

«Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.