БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бағыттарының бірі «Бә-екелік қабілетке» арналады. Бәсекелік қабілет — ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, немесе сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Яғни бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Қазіргі таңда қоғамда ең маңызды орын алатын фактор — адамның білімі. Әрбір қазақстандық азаматтың білім жағынан көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу керек. Соның бірі компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін меңгеруі, мәдени ашықтық сияқты факторларды жете меңгеріп қана қоймай, ХХІ ғасырдың талаптарына даярлануы керек. Елбасымыз айтқандай, мақсатымыз айқын, бағытымыз дамыған әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жету үшін әр қазақстанның азаматы бәсекелік қабілеттігін көрсете білуі, қазақ елінің «Мәңгілік ел» ретінде барлық әлемге танылуына жол ашып қана қоймай, болашақта елі-міздің табысты, байқуатты өмір сүруіне жол ашады.

Т. Медетбекова,

Ескелді ауданы жастар ресурстық орталығының маманы.