АТА-БАБА ДӘСТҮРІ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Облыстық, аудандық «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты сыныптан тыс тәрбиелік бағдарламаның жоспарын негізге ала отырып, балаларды адамгершілік рухани бағытта тәрбиелеуге үлес қосу мақсатында мектепте ақсақалдар алқасының жұмысы ұйымдастырылды. Мектепішілік ақсақалдар алқасы тәжірибесі мол, дәрежесі жоғары ұстаздардан құрылды. Олар: Аймұхамед Дінмұхамедұлы – патриоттық тәрбие; Нұрлан Нұрсейітов – эстетикалық тәрбие; Амангелді Садықов – салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі; Гүлнази Инкарбаева  – құқықтық тәрбиесі бағыттарында жасөспірімдермен тәрбие жұмыстарын атқарды.

Сондай-ақ ауыл ақсақалдарымен, ардагерлерімен өткізілетін жұмыс жоспары бекітіліп, іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған 01.10-10.10.2018ж. аралығында ауыл тұрғындары арасында көмекке мұқтаж жалғызбасты қарияларға көмек көрсету акциясы өтті. Ауылдық әкімшілігінен 5 жалғызбасты, көмекке мұқтаж қариялардың тізімін алып, сол тізім бойынша 9-10 сынып оқушылары арасынан «Мейірімділік» топтары құрылды. Топ мүшелері қарттардың үйлеріне барып, көмек түрлерін анықтады. Оқушылар үй ішін тазалауға, бақшасы мен аула айналасын, шөптерін жинауға көмектесті. Қарттар балаларға ризашылығын білдіріп, рақметтерін айтты.

«Жалпы адамдық және ұлттық құндылықтары» атты тақырыпта тәрбие сағаттары 16.10.-26.10.2018 ж. аралығында өткізілді.

«Кез келген мәселеде өзіндік көз-қараспен пікір қалыптастыру» тақырыбында мектеп психологы Р.Қалқабаева 16.10.18ж. күні тренинг өткізді.

5-8-сыныптар арасында 01.10.-03.10. 2018ж. аралығында «Қарттық – қасиет, қарттық  – қазына» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектепте өтетін барлық іс-шараға ауыл ақсақалдары, зейнет жасындағы ұстаздар үнемі шақырылып жастарға, өсіп келе жатқан жасөспірімдерге үлгі-өнеге көрсетіп отырады.

Э. АЛЬПИЕВА,

аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері.