ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ — ЖҰМАТАЙ

Жерлесіміз Жұматай Жақыпбаевтың өмірден өткеніне де 31 жыл уақыт өтіпті. «Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде» деп өмірінің соңғы нүктесін сезген ақын, өз иманын өзі өлеңмен үйіргендей.

Одан да аздап, өлең қалды, күй қалды,
Жан беру де оңай емес, қиналды.
Сенің бала көңіліңнің жыршысы,
Өліп қалды, болсын байғұс иманды7

Жұмағұл – Шора (Жұматай) Жақыпбаевты жыр сүйер қауым жақсы біледі. Бар өмірін өлең-жырға арнап, Ләйлә деген қаракөз аруды жырға қосып, оны ұлы Петрарканың Лаурасының деңгейіне көтерген Жұматай, қазақ поэзиясынан өз онын көзі тірісінде-ақ алған еді. Жарты ғасырда ғұмыр кешпеді. Бірақ артында өлмейтін өлеңі, кестелі сөз өнері қалды.

Жетісу жері – ақындар мен батырлар елі. Жұматай Жақыпбаевтың қазақ поэзиясындағы орны ерекше. Ол сегіз қырлы, бір сырлы ли- рик. Жыр қағаны қағаз бен қаламды серік етіп қойған жоқ, сонымен
бірге құсбегі, атбегі, боксшы, суретші және термеші еді.

1996 жылдан бері мектебіміз ақын Жұматай Жақыпбаевтың аты- мен аталады. Ақын аруағы қолдаған орта мектеп өз білім-тәрбиесін көрсету жолында жыл сайын биіктерден көрінуде.

Жерлес ақынымыздың туған күніне орай, жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіп, ақын шығармашылығымен шәкірттерімізді сусындатудамыз. Осындай шараларға байланысты қандай да бір ұлағатты іс атқаруды әрбір ұстаз, әрбір оқушы алдына міндет етіп қойған. Биыл да ақын ағамыздың туғанына 76 жыл толуына орай қаңтар айынан бастап шаралар өткізудеміз. Жұматай өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Жыр жұлдызы — Жұматай» тақырыбында эссе жазу, ашық тәрбие сағаттарын өткізу және ақын рухын еске алуға арналған спорттық жарыстар. Және де ақын шығармашылығына еліктеп, өз өлеңдерін шығарып жүрген оқушыларымыздың арнаулары да тыңдалды.

Қазіргі төтенше жағдайға қарамастан онлайн түрде, жоспарға сай ұстаздарымыз оқушылармен бейнероликтер, көрмелер, Жұматай әндері, Жұматайға арналған арнаулардан бейнероликтер жасалды.
Өзі әнші, өзі күйші ақынның өмірі ашылмаған екен. Одан жас буынның алары да, үйренері де көп.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, артында өлмейтұғын із қалдырған» дегендей Жұматай поэзиясы
өлмек емес.

Н. ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.