ЕРЕСЕКТЕР ДЕ, БАЛАЛАР ДА ТАБИҒАТ ҮШІН ЖАУАПТЫ

Құрметті аудан тұрғындары және балалар мен ересектер!

Қарабұлақ орта мектебінің «Табиғат» эко-командасы сіздерді ауданымыздың тамаша табиғаты мен оның сұлулығын, табиғатымыздың тамаша кереметін қорғау жөнінде үндеу жасаймыз. Табиғат Ананың бізге берген сыйларының бірі – бұлақ. Бұлақ Қарабұлақ ауылымыздың байлығы екендігін айтқымыз келеді.

Ескелді ауданы, оның ішінде Қарабұлақтың табиғат сұлулығымен қоса, табиғи бұлақ көзіне бай екендігін білеміз. Ауылымыздың Қарабұлақ аталуы сол себептен. Атап айтар болсақ, Қарабұлақ
ауылында бес бұлақ көздері бар. Бірақ өкінішке орай, солардың көбі қараусыз қалған. Сол себептен де адам үшін таптырмайтын байлық – бұлақ көзін ашып, оның суының молаюына көп көңіл бөле
отырып, табиғат байлығын қастерлеуге шақырамыз. Себебі табиғи бұлақтың адамға пайдасы өте зор.
Сондықтан біз Қарабұлақ орта мектебінің эко-командасы Сіздерді және осы ауылдың болашақ жеткіншектерін осы бұлақты қорғауға, ластамауға, орынды жұмсауға шақырамыз. Бұлақ – Сіздер
үшін де, біздер үшін де таптырмас табиғаттың бізге берген байлығы.

Сондықтан аялайық, бұлақ көзінің жабылып қалмауына әр адам болып өз үлесімізді қосайық. Табиғат – ананың бізге берген сыйын келер болашаққа аман-есен таза күйінде жеткізейік!

Қарабұлақ орта мектебінің «Табиғат» эко-командасы.