ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ

Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру мекемелерінің арнайы педагогтарына арналған, арнайы түзету-дамыту бағыты бойынша
жеке, топтық бағдарламаларын кұрастыратын, тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізетін арнайы пе- дагогтарды анықтап, озат тәжірибені тарату мақсатында «Әдістемелік сандықша» облыстық байқауы өткізілді.

Психология, дефектология, логопедия бағыттары бойынша өткізілген байқауға авторлық бағдарламалар, жеке және топтық түзету-дамыту бағдарламалары ұсынылды. Байқауда бағдарламаның бағыты мен жаңашылдығы, өзектілігі, күтілетін нәтижелер және оларды диагностикалау әдістерінің бағалау критерийлеріне сәйкес болуына байланысты жеңімпаздар анықталды.

Облыс көлемінде іс-тәжірибесін ортаға салған Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің логопеді
Наби Ақжолтай ІІ орын, Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің дефектологі Татьяна Александровна
Тесленко ІІІ орын иегерлері атанды. Жүлдегер ұстаздардың шығар биігі мен алар асулары әлі алда екендігіне сеніміміз мол.

Д. ЗАНИГИНОВА, білім бөлімінің әдіскері.