ТӘТТІ ТҮБІР ЖИНАЛДЫ

Ауданымызда ауыл шаруашылығын дамыту үшін көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде агроөнеркәсіп шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Сондай өнеркәсіптің бірі — қант қызылшасы.

Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыр жемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады. Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағза тез сіңіретін қуат көзі. Кез келген үйдің дастарқан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастарқан бар дегенге сенгіміз келмейді.

Ауданымызда дақылдарды жинау мерзімі басталды. Есеп бойынша ауданымызда қызылша дақылының жалпы егілу көлемі 2236 га құрайды. Бүгінгі күні жиналған қызылша 1200 га. “Көксу” қант зауытына өткізілгені 57400 тоннаны құрайды. Жалпы өнімділік 1 гектардан 480 центнер. Ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Керікбаев жоспарымыз 82000 тонна болса, биылғы жылы 96-98 мың тонна тәтті түбір өткіземіз деп отыр. Жоғарғы өнім алып отырған шаруашылықтар «Хильниченко и К»  200 гектардан 13400 тонна, орташа өнімділік 670 ц/га, «Дүйсенбинов» 210 гектардан 12700 тонна, орташа өнімділік 636 ц/га, «Романенко В.» шаруа қо-жалығы 50 гектардан 3500 тонна, орташа 707 ц/га өнім алып отыр.

Алима МҰРАТҚЫЗЫ.