МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынған партиялық жобалардың тек бүгінді емес, ертеңгі күніміздің де жарқын болуына бағытталып отырғаны бәрімізге белгілі.

Сол жобалардың  ішінде кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті кеңейтуге зор мүмкіндік беріп отырған «Мектеп асханаларын жаңғырту» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес ауданның бірқатар мектептеріндегі асханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторингілеу жұмыстарына «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Идрисов, «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері қатысты.

Жалпы аудан бойынша барлығы 30 мектеп, оның  6  негізгі, 19 орта, бастауыш 5 мектеп бар. Оқушылар саны 9011, оның 8371-і ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 1253 бала тегін тамақтанса, мектептердегі ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар, 4 мектепте буфет жұмыс жасайды. Осы төрт мектепте 405 бала тамақтануда, олардың 90-ы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ал, 72 бала үйде оқытылады.

Назгүл Жұмаханқызы,

«Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының консультанты.